Metodist.kz — Республикалық портал

Главная » ЖАҢАЛЫҚТАР » Логикалық тапсырмаларды құрастыру

Логикалық тапсырмаларды құрастыру

Текстовый виджет боковой панели

Это текстовый виджет. Текстовый виджет позволяет добавлять текст или HTML на любую боковую панель, которая есть в теме оформления сайта. Используйте текстовый виджет для отображения текста, ссылок, изображений, HTML или их сочетаний. Чтобы изменить элемент, откройте раздел «Виджет» в Конфигураторе.

Қарағанды облысы, Шет ауданы, Мұхтар негізгі орта мектебінің

математика пәнінің мұғалімі Аманбек Омиргул Аманбекқызы

Тақырыбы: Логикалық тапсырмаларды құрастыру

Мақсаты: Оқушының жас ерекшелігін ескере отырып математика пәнінен түрлі логикалық тапсырмалар беру арқылы білімнің беріктігін қамтамасыз ету, баланың шығармашылық қабілетін дамыту, интелектуалдық деңгейін көтеру. Оқушының логикалық ойлау қабілеттерін және шапшаң есептеу дағдыларын жетілдіріп, өздігінен жұмыс жасай алатын жеке тұлға тәрбиелеу.

Міндеті:

-ақыл-ойын және белсенділігін арттыру;

-логикалық ойлау қабілеттерін арттыру;

-оқушылардың танымдық қабілетін дамытып, қызығушылығын арттыру.

-оқушының ойын жүйелі жеткізе білуге дағдыландыру;

-қоршаған ортамен ізгі қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелеу;

Күтілетін нәтиже:

— математикалық түсініктерді меңгереді.

— оқушылардың оқу, математикалық сөйлеу дағдылары ұштаса түседі.

— бір амалмен шығаратын қарапайым есептерді түсініп шығарады.

— өз бетінше есептерді құрастыра біледі.

— шығармашылық қабілеттері артады.

— есте сақтау қабілеті артады.

— қиялдау қабілеті кеңейеді

Логикалық сұрақтар:

1. Екі адам шахматты 2 сағат ойнады. Бір адам неше сағат ойнайды? 2. Қос ат жегілген арба 40 шақырым жүрді. Бір ат неше шақырым жүрді? 3. 4 жұмыртқа 4 минут піссе, бір жұмыртқа неше минут піседі? 4. 2 кг мақта ауыр ма, 2кг темір ауыр ма? 5. Алмұрт алмадан ауыр, ал алма шабдалыдан ауыр. Қайсысы ауыр, алмұрт па әлде шабдалы ма? 6. Бір айда 5 жексенбі бола ма? 7. Үш ат жегілген арба 30 км жүрді. Бір аттың жылдамдығы қандай? 8. Алдында 1, артында 2, алдында 2, біреуі екеуінің арасында және үшеуі бір қатарда қаз ұшып келеді. Барлығы неше қаз? 9.Сиыр 4 аяғымен тұрса 200 кг, 2 аяғымен тұрса неше кг болады? 10. Ұзындығы 10 метр жіпті әр бөлігі 2 метр болу үшін неше рет қию керек? 11. Үш қыз бір сыныпта оқиды. Айгүл,Гүлназ, Айнаш. Айгүл Гүлназдан үлкен, Гүлназ Айнаштан үлкен. Кім сонда үлкені? 12. Бақытжанның 4 ұлы, олардың әрқайсысының туған қарындасы бар. Бақытжанның неше баласы бар? 13. Дорбадағы 10 асықты 10 бала алды. Сонда дорбада 1 асық қалды. Ол қалай? 14.Марат кешкі сағат 10-да ұйқыға жатты. Ол сағаттың қоңырауын таңғы 9-ға қойды. Ол неше сағат ұйықтады? 15. Немере атасынан : «Жасың нешеде ? «деп сұрады. Атасы егер өзімнің қазіргі жасымның жартысындай уақыт және тағы бір жыл өмір сүрсем, онда маған 100 жас болар еді. Атасының жасы нешеде?

Жұмбақты есептер:

1. Мұз айдында жеті бала асыр сап жүр сырғанап. Сырғанамай екі бала Жағалауда тұр қарап. Енді осы бар баланың Санын айтсаң –жарадың! 2.Көлден ұшты жеті қаз, Қайтып қонды екі қаз, Қонбады оның нешеуі? Кәне, кім тез шешеді? 3. Жаңа ғана шалғында, Алты бұзау жүр еді. Әлде шаршап қалды ма, Жатып қапты біреуі. Нешеуі енді жайылып, Айт, жүргенін айырып. 4. Табақта бес алма, Қолымда үш алма, Інімде екі алма, Қосқанда барлығын. Болады неше алма? Бір алма атама, Бір алма әжеме, Бір алма апама, Бір алма әкеме, Нешеуін алады? Нешеуі қалады? 5. Аулада бес үйрек, Қорада үш үйрек. Бір үйрек тығылды, Бір үйрек жығылды, Қалғаны неше үйрек? 6. Қанша қоян аулада Сонша тауық аулада. Аяқтары он екі, Санап көрші, кәнекей? 7.Екі аяқпен екі қол, Бір ауыз бен бір тілің…. Нешеу болды кәне, бол, Санап шығар кім бұрын? 8. Тал басындатізіліп, Он жапырақ тұр еді. Жел соқты да, Үзіліп, Ұшып кетті біреуі. Ізінше оның Жұлынып, Түсті тағы бесеуі. Тұр әлі де ілініп, Жапырақтың нешеуі? 9. Портфелімде әуелі, Он үш жаңғақ бар еді, Науат пенен Сағатқа, Самат пенен Маратқа, Апасына Қанаттың, екі-екіден тараттым. Қанша жаңғақ қалғанын Айта қойшы, ал жаным? 10. Мына алты ақ алма — Нұрбибі мен Жанарға. Үш сарысы — Анарға, Қызыл алма — Манарға.

Салыстыруға берілген есептер:

1. Қаламсап дәптерден қымбат, ал қарындаш қаламсаптан арзан. Қайсысы қымбат – қарындаш па әлде дәптер ме?

2. Арман, Ерлан, Нұркен және Мырзатай төртеуі балық аулады. Мырзатай балықты Нұркенге қарағанда көп ұстатады. Арман мен Ерланның ұстаған балықтарының саны Нұркен Мырзатайдың ұстағандарымен бірдей. Арман мен Мырзатай Ерлан мен Нұркеннің ұстағандарынан аз. Ұстаған балықтар-

дың санына қарай кім қандай орын алғанын жаз.

3. 6 табан 10 траннан ауыр, бірақ 5 алабұғадан жеңіл; 10 табан 8 алабұғадан ауыр. Қайсысы ауыр- 2 табан балық па әлде 3 тран балық па?

4. Әділ мен Арман А-дан В-ға қарай бір мезгілде жолға шықты. Әділ велосипедпен, ал Арман одан жылдамдығы бес есе артық жеңіл машинамен шыққан еді. Орта жолда жеңіл машина сынып, қалған жолды Арман жаяу жүрді, оның жыылдамдығы велосипедтің жылдамдығынан екі есе кем. Олардың қайсысы В-ға бұрын жетті?

5. Бөлменің төбесінен тік төмен қарай қабырғаны бойлай екі шыбын жорғалап төмен түсті. Еденге түскен соң олар қайтадан жоғары қарай жорғалады. Бірінші шыбын екі жағдайда тұрақты жылдамдықпен жорғалады, ал екіншісі жоғары қарай біріншіге қарағанда екі есе баяу көтерілгенмен, төмен түскенде екі есе жылдам жорғалады. Олардың қайсысы төбеге бұрын жетеді?

6. Үйден мектепке дейін Буратино жаяу барды, қайтқанда сол жолмен жүрді, бірақ жолдың бірінші жартысын ол итке, екінші жартысын тасбақаға мініп келді. Буратиноның мектепке жаяу барғандағы жылдамдығынан иттің жылдамдығы одан төрт есе артық, ал тасбақаның жылдамдығы одан екі есе кем. Буратино қай жолы уақыттың көп жұмсады-үйден мектепке дейін бе әлде мектептен үйге дейін бе?

7. 4 қара сиыр мен 3 сары сиырдан 5 күнде қанша сүт сауылса, 3 қара сиыр мен 5 сары сиырдан 4 күнде сонша сүт сауылады. Қандай түсті сиыр сүтті көп береді-қара ма әлде сары ма?

8. Ініне жету үшін тышқан түзу жолмен 20 адым жасауы, ал мысық сол жолмен тышқанға дейін 5 рет секіруі керек. Мысық бір секіргенше тышқан 3 адым жасап үлгереді, мысықтың 1 секіргендегі ұзындығы тышқанның 10 адымына тең. Егер тышқан түзу бойымен мысық пен іннің арасында тұрса, мысық тышқанды қуып жете ала ма?

9. 7 қарындаш 8 дәптерден қымбат тұрады. Қайсысы қымбат-8 қарындаш па

әлде 9 дәптер ме?

10.Үш тауық үш күнде үш жұмыртқа салады. 12 тауық 12 күнде қанша жұмыртқа салады?

Натурал санның ондық жазылуы:

1. Кез келген төрт таңбалы сан ойлан. Оны соңғы цифрсыз жаз, және осы жазылған үш санды қос. Алынған қосындыны 9-ға көбейт және көбейтіндіге ойлаған санның цифрларының қосындысын қос. Соңында ойлаған сан шығады. Неге екенін түсіндір.

2. Екі санның қосындысы 495-ке тең. Сандардың біреуі нөлмен аяқталады. Егер осы нөлді сызып тастаса, онда екінші сан шығады. Осы сандарды тап.

3. Екі санның қосындысы 499-ға тең. Сандардың біреуі 4 цифрымен аяқталады. Егер осы цифрларды сызып тастаса, онда екінші сан шығады. Берілген санды тап.

4. Берілген екі таңбдалы санның ондық цифры бірлік цифрынан үш есе артық. Егер осы цифрлардың орнын ауыстырсақ, онда берілген саннан 36-ға кіші сан шығады. Берілген санды тап.

5. Берілген сен 9 цифрымен аяқталады. Егер осы цифрды алып тастаса және шыққан санға берілген санды қосса, онда 306216 шығады. Берілген санды тап.

6. Кащей ханзада Иванға айтты: «Сенің таңертеңге дейін өмірің қалды. Таңертең менің алдыма келесің, мен a.b.c цифрларын ойлаймын. Сен маған үш санды x.y.z акйтасың. Мен сені тыңдап AX + BY + CZ неге тең екенін айтамын. Сонда менің ойлаған a,b,c- ның қандай сандар екенін табасың. Таппасаң — басыңды аламын». Ханзада Иван қайғырып ойлауға кетті. Қане, оған көмектесіп көрелік.

7. Екі таңбалы санды ойлан. Осы санның бірінші цифрын 2-ге көбейт. Шыққан санға бірді қос. Сонда шыққан санды 5-ке көбейтіп, оған екінші цифрды қос. Маған қандай сан шыққаннын айтсаң, мен сен ойлаған санды айтамын. Бұл қалай жасалады?

8. Үш таңбалы санның ортаңғы цифры екі шеткі цифрлардың қосындысына тең болса, осы санның 11-ге бөлінетіні дәлелде.

9. Кез келген үш таңбалы санды жаз. Одан дәл осы цифрлармен, бірақ кері ретпен жазылған санды шегер. Айрманың 99-ға бөлінетіні дәлелде.

10. Қосу мысалындағы a,b,c,d-ның орнына қандай цифлар қою керек:


Оставьте комментарий